Жабық контейнердің ішінде 49 күн жатқан мысық аман қалған
Жабық контейнердің ішінде 49 күн жатқан мысық аман қалған
10 жыл бұрын 3553

Австралиядағы Дарвин қаласында «Пиппа» деп аталатын үй мысығы жабық контейнердің ішінде 49 тәулік бойы тамақсыз, сусыз жатқан. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Ақпан айының соңында мысық иесінің көршісі Дарвиннен Брисбенге көшетін болған. Ол үйіндегі жиһазы мен ірі заттарды тасымалдау үшін үлкен жүк контейнеріне тапсырыс берді. Жүк тиеліп жатқан шақта мысық контейнердің ішіне кіріп кеткен. Жүк тиеліп болған соң контейнер жабылды да Брисбенге тасымалдау үшін қоймаға жіберілді.

49 күннен кейін Брисбенге көшіп кеткен көрші өзінің контейнерін ашқан кезде оның ішінен қатты бүлінген қымбат матрасы мен тірі, бірақ, өте азып кеткен сұр түсті мысықты тауып алды.

Қазіргі кезде сауығып кеткен Пиппа Брисбендегі ветеринарлық емханада иесінің қашан алып кететін күтуде. Дарвин мен Брисбеннің арасы 2,8 мыңнан астам шақырымға созылып жатыр.

0 пікір
Мұрағат