Израилдің СІМ басшысы палестиналық тұтқындарға қатаң жаза қолдануды сұрап отыр
|
Израилдің сыртқы істер министрі Авигдор Либерман парламентке палестиналық тұтқындарға өлім жазасын қолдануды қарастыратын заң жобасын енгізетінін мәлімдеді. Ол бұл мәлімдемесін осы аптаның сейсінбісінде, Қауіпсіздіктің түйткілді мәселелерін зерделеу институтында сөйлеген кезінде жасады. Ол мұнымен ғана шектеліп қалмай, қарсы жақтың қолына түскен израилдіктерді палестиналық тұтқындарға айырбастау тәжірибесін де қатаң сынға алды. Бұл жайында Mignews.com ақпарат көзі хабар таратты. «Израилге қарсы әрекетке барған тұлғаны босату терроризмге қарсы күрестің шеңберіне сыймайды», - деп мәлімдеді ол. Сондай-ақ, ол Газа секторында орын алған соғыстың қажеттіліктен (Израил мүддесінен деп түсініңіздер – ред.) туындағанына да тоқталды. Израил билігі жуырда теракті жасады деген желеумен тұтқындалған палестиналық азаматтардың туыстарының үйін жаппай сүруді қайта бастады. Еврей келімсектерін орналастыру үшін.