Иорданиядағы 6 000 мешіт күн сәулесінен бөлінетін энергиямен жұмыс істейді
Иорданиядағы 6 000 мешіт күн сәулесінен бөлінетін энергиямен жұмыс істейді
10 жыл бұрын 3437

Иордания билігінің пәрменімен елдегі 6000 мешіт күн сәулесінен бөлінетін энергиямен жұмыс істейтін болады. Аталмыш өзгеше жобаны Иорданияның Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Ғұламалар және ислам істері жөніндегі министрлікпен бірігіп, жүзеге асырады. Ел аумағындағы барлық мешітке күн батареясы қойылатын болады.  Мешітте бес уақыт намаз оқылатындықтан әдегіден көп электр энергиясын қажет етеді. Ел билігі электр энергиясын үнемдеу үшін ел астанасы – Амман қаласының тұрғынынан үлгі алғандарын жасырмады. Амман шаһарының тұрғыны жергілікті мешітті күн сәулесінен бөлінетін энергия режиміне көшірген болатын. Оның бұл қадамы биліктегілерге де ой салған болатын. Иордания жыл сайын энергияға деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін шамамен оның 96%-ын шеттен алады, яғни, импорттайды. Оның үстіне, жылдан жылға энергияға деген қажеттіліктің артып келе жатқанын ескеріп, әлгіндей қадамға барып отыр. Күн батареясын пайдалану алдағы уақытта энергияға кететін шығынды едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Өйткені, бұл елде 300 күн аспан ашық болады.  

 

Тау басындағы мешітке тіке апаратын лифт салынады

Muslim.kz ақпарат көзінің хабарлауынша Сингапур мемлекетінде орналасқан Мұхаммад Салех қажы мешітіне қайта жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды. Тау басында орналасқан құлшылық ордасының қасында  белгілі мұсылман емшісі Хабиба Но бейіті орын тепкен. Қабірді және мешітті зиярат етушілер биікке көтерілу үшін 49 баспалдақты басып өтуі тиіс. Күніне орта есеппен 100-ге жуық адам төбе басына шығып-түссе, оның жартысына жуығына баспалдақпен көтерілу қиындық тудыратын көрінеді.

Қаңтар айында мешіт құрылыс үшін тендер жарияланып, құлшылық ордасын толықтай қайта жөндеу жұмыстары қолға алынды. Су тамшылай бастаған төбесі мен қабырғаларын қалыпқа келтіріп, сырлап-бояу жұмыстары жүргізілмек. Бұдан бөлек, енді қарт адамдардың қуанышын тудырған жаңалық: төбе басындағы мешітке тіке апаратын лифт салынатын болды.

Жөндеу жұмыстарының басшысы Изаммуддин Мохамед Али: «Мешітке жөндеу жұмыстары соңғы рет 1980-жылы жасалған. Содан бері қаншама уақыт өтті», – дейді. Бұған қоса, осыдан алты жыл бұрын мешіт құрылысы үшін жұрттан жылу жиналған көрінеді. Қазіргі уақытта жиналған қаражат 2 млн долларды құрап отыр. Бұл ақшаға намазхана бөлмесін жабдықтау жоспарланып отыр. Айта кетейік, мешіт сыйымдылығы 1200 адамға арналған.

Жөндеу жұмыстары биылғы жылдың орта шенінде басталып, тоғыз айға созылмақ. Бұл уақыт ішінде намаз оқуға мешіт аумағынан арнайы орын қарастылады.

 

Күннің тұтылуы көне мешіттің жандануына әсер етті (ФОТО)

Фото дня: старейшая мечеть Сахары, восстановленная солнечным затмением

Ливия мемлекетінің солтүстік-батысындағы Ауджила оазисінде орналасқан Атик мешіті қаншама ғасыр бойы Феццан жағалауынан керуен тартқан сансыз жолаушыға пана болып келеді.  Мешіт айналасында өскен құрма және пальма ағаштары ми қайнатар ыстықта жолаушыларға көлеңке болып, керуен жолына қан беріп тұрған жалғыз орын.

Фото дня: старейшая мечеть Сахары, восстановленная солнечным затмением

Құлшылық ордасының іргетасы ХІ ғасырда қаланған. Конус пішініндегі 21 күмбезге арнайы тесіктер жасалып, ғимарат ішіне салқын ауа толқыны тоассыз келіп тұратындай етіп ойластырылған.

Фото дня: старейшая мечеть Сахары, восстановленная солнечным затмением

 Мешіт осы уақытқа дейін бірнеше рет қираған болатын. Алайда, 2006-жылдан бастап оның жұлдызы жанды десек те болады. Өйткені, дәл осы Ауджила оазисінен күн тұтылуын анық тамашалауға болатын еді. Осы себепті де әлемнің түкпір-түкпірінен ағылған туристтер алдында ұятқа қалмау үшін Ливия үкіметі қайтадан қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген.

Фото дня: старейшая мечеть Сахары, восстановленная солнечным затмением

0 пікір
Мұрағат