Израиль премьері Палестинаны мемлекет ретінде мойындауға дайын екенін айтты
|
Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Палестинаны мемлекет ретінде мойындауға дайын екенін және екіжақты келіссөздерді жандандыру керектігін мәлімдеді. Бұл жайында ол Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесуден кейін өткен баспасөз мәжілісінде айтқан.
"Мен екі тарапта жылдар бойы жалғасып келе жатқан дауды шешудің бір ғана жолы бар екенін білемін, алдымен оның концепциясын түзуіміз керек. Израиль Палестинаның мемлекеттілігін мойындайды, бастысы соған мән берген жөн" деді Нетаньяху.
Израиль премьері Германия министрімен әңгіме барысында палестиндіктердің келіссөз үстеліне қайта оралуына атсалысуын сұрады.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 19 наурызында Израиль Палестинаны мемлекет ретінде мойындайтынын мәлімдеген еді. Дегенмен, ол үшін палестиндік тарап "Хамас" ұйымынан бас тартып, Израильмен ымыралас болуын талап еткен.