Ислам тарихынан сыр шертетін көрме өтіп жатыр
Ислам тарихынан сыр шертетін көрме өтіп жатыр
10 жыл бұрын 2815

Катарда, яғни, Доха қаласының көрме орталығында ислам өнерінің 4000 жәдігері жұртшылықтың назарына ұсынылды. Олардың 110-нан аса жәдігері катарлық жекелеген тұлғаларға тиесілі. 9 категорияға жіктелген «Mal Lawal» («көненің көзі») көрмесіне баға жетпес қолжазбалар, зергерлік бұйымдар, киімдер, т.б. заттар қойылған. Осы шараға атсалысқан коллекционерлердің бірі Мұхаммед Абдулла әл-Иабир 7-ші және 15-ші ғасырға, яғни, Омеядтар мен Селжүктер әулетіне тән қыш ыдыстарын, түрлі кезеңде, соның ішінде Осман қағанаты тұсында жазылған қолжазбаларын да жұртшылықтың назарына ұсынды. Ол коллекция жинаумен 2010 жылы айналыса бастаған. Алдымен тиындардан бастағанын жеткізді. «Бәрі ислам өнерінің мұражайын аралап көрген кезден басталды. Мені мұражайдың тарихы қатты қызықтырды. Сол кезден бастап, тиындар жинауға кірістім. Тиындар тарихты танытуда маңызды рөл атқарады. Әр тиын қай патшаның тұсында, қай жылы шекілгеніне қарап, тарихи кезеңдерге шолу жасауға болады»,- деді ол ағынан ақтарылып. 

0 пікір
Мұрағат