Ирандағы ауыл көшелері... (фото)
Ирандағы ауыл көшелері... (фото)
4 жыл бұрын 4382 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Бүгінде бұқаралық мәдениеттің (масс. культура) белді әрі көрнекті өкілі әлемге әйгілі бразилиялық жазушы Пауло Коэльо Иранның түкпіріндегі, дәлірегі, Хамедан провинциясына қарасты «Расул Абад» деп аталатын шағын елді-мекен тұрғындарының көше аттарын әлемдік інжу-жауһарға айналған классиктердің есімімен атау туралы бастамасына қызу қолдау білдіріп отыр. Instagram әлеуметтік желісінде. Бұл жайында islam.kz порталы парсылардың irna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шиғалар елінің батысында орын тепкен шалғайдағы шағын елді-мекен көшелері «Гүлстан мен Бустанды» жазған парсы шайыры Сағдидің, «Шахнаманы» дүниеге әкелген Фирдоусидің, «Кішкентай ханзада» туындысының авторы Антуан де Сент-Экзюперидің, 1982 жылы Нобель сыйлығын алған «Жүз жылдық жалғыздық» романын жазған Габриэл Гарсиа Маркестің, «Алхимик» авторы Пауло Коэльоның және «Тынық Дон» эпопеясын жазған Михаил Шолоховтың есімімен аталған. Осы орайда бразилиялық прозашы Поуло Коэльо ирандықтар арасында кеңінен танымал қаламгер. Ирандықтар арасында кітаптары қолдан қолға тимей оқылады.

Пауло Коэльо высоко оценил инициативу иранской деревни

Пауло Коэльо: Разгадать знак

Пауло Коэльо

0 пікір
Мұрағат