Ғалымдар ертедегі викингтердің мұсылман болғанын дәлелдеді
Ғалымдар ертедегі викингтердің мұсылман болғанын дәлелдеді
7 жыл бұрын 4815

Швед ғалымдары викингтер исламды насихаттады деген дәйектер тапты. Бұл жайында islam.ru ақпарат көзі хабар таратты. 

Викингтердің бірі жерленген жерден мамандар Алла деп жазылған және пайғамбардың (с.ғ.с) күйеубаласы Мұхаммед Әли ибн Әбу Талибтің аты жазылған жібек мата тапты. Бұл IX-X ғасырға тиесілі. Бастапқыда ғалымдар мұны жай ғана әшекей зат деп ойлаған. Кейіннен ахеолог Анника Ларссон матада әлдеқандай жазу барын байқап қалды.

Оның айтуныша, қабірде жерленген ислам дінін қабылдаған викингтің бірі.
«Алла сөзі екі жағынан бір біріне қарама қарсы жазылған. Олар мұны солдан оңға қарай оқуға ыңғайлы болу үшін жазған болуы мүмкін. Құранда жәннатқа түскендердің жібек мата киетіні айылған. Викингтердің арасында жібек матаның таралуына осы себеп болуы мүмкін», – дейді Ларссон.

Бұл алғашқы жайт емес.  Археологтар IX ғасырдағы скандинавиялық зираттан күміс жүзік тапқан. Жүзіктегі жазба «Аллаға» немесе «Алла үшін», «Аллаға шүкір» деген мағынаға келеді.

Викингтер ерте орта ғасырдағы скандинавиялық теңізшілер. Олар VIII—XI ғасырларда Винландтан Биармийге, Солтүстік Африкаға дейін теңізбен қатынаған. Олар қазіргі Швеция, Дания, Норвегияда тұрған. Аштықтан көшіп-қонып, жер аударып кеткен.

0 пікір
Мұрағат