Физик су астында өзін атты (видeо)
Физик су астында өзін атты (видeо)
9 жыл бұрын 3589

Норвегиялық физик Андреас Валь өзін су астында атып, тәжірибе жасады, - деп хабарлайды N+1.

Басылымның мәліметінше, оқ SIG SG 550 автоматынан атылған. Физик шүріппені жіпке байлау арқылы басқарды. Өзі басын судан шығарып, бассейн ішінде аяғымен тұрды. Қару физиктен үш метр қашықтықа орнатылған.

Айта кетейік, су мен ауаның тығыздығы әртүрлі болғандықтан, оқтың су ішіндегі жылдамдығы әлдеқайда аз болады. Сондықтан да, оқ атылғаннан кейін су ішінде шамамен 1,5 метрге дейін ғана ұшты. Сосын оқ су астына құлады

 

Өнертапқыш экзоқаңқаның көмегімен автокөлікті орнынан қозғады (ВИДЕО)

Өнертапқыш Джеймс Хобсон өзі жасап алған экзоқаңқаның көмегімен Mini Cooper автокөлігін орнынан оңай қозғады, деп деп жазады The Next Web басылымы.

2014 жылы шыққан фантастикалық «Элизиум» фильмін көрген жігіт өзіне де сондай күш беретін құрылғы жасауға кіріскен. Өзін «The Hacksmith» деп атайтын инженер екі жыл көлемінде экзоқаңқаны жасап шықты. Әзірге құрылғы иесіне 124 келілік штанганы еркін көтеруге мүмкіндік береді. 

0 пікір
Мұрағат