Ерекше әуез, ерекше мақам: малайзиялық бозбала араб әлемінің үздік қариы атанды (видео)
Ерекше әуез, ерекше мақам: малайзиялық бозбала араб әлемінің үздік қариы атанды (видео)
7 жыл бұрын 7200 ummet.kz

Келантан штатында туып өскен Мұһаммед қазіргі уақытта араб әлемінде қасиетті Құранды ең жақсы оқушы ретінде танымал. Оның әуезді үні тыңдарманын тәнті етеді. Al-Arabiya-ға берген сұхбатында Йусеф Құран аяттарын алғаш рет 6 жасынан бастап оқи бастағанын, әкесі осы кезде оның мөлдір таза дауысына назар аударғанын айтады. Осыдан кейін Мұһаммед Йусеф жергілікті мешітте Құран оқуды үйрене бастайды. 13 жасында Құранды өз мақамына салып көркем оқуды меңгереді. Йусеф ізгі жолға бағыттаған әкесі мен оның кәсіби тұрғыда Құран үйренуіне жол ашқан ұстаздарына шексіз алғыс білдіреді. Қазіргі уақытта Йусеф Исмаил сұлтан университетінің Ислам зерттеулері факультетінде оқиды. Өткен жылы ол Малайзия университеттері арасында Құран жарысынан бірінші орынды жеңіп алды. Йусеф өз шеберлігін шыңдап, Құранды көркем оқудан әлемнің үздігі болуға үмітті. Жас қаридың Құран оқу сәтінен бейнеүзік ұсынамыз.

0 пікір
Мұрағат