|
Атеистер өздері ойлап тапқан құндылықтан жоғалады
|
Америкалық ғалымдар АҚШ пен Малайзия студенттері арасында олардың діни көзқарасына қатысты аса ауқымды зерттеу жүргізді. Нәтижесінде атеистердің ойламаған себептен, дәлірегі, контрацепцияны жиі қолдану мен отбасын жоспарлаудан-ақ жоғалатынына көз жеткізген. Зерттеушілер бірнеше мың студентке діни сенімі мен олардың қанша бауыры барына қатысты сауал қойған екен. Белгілі болғандай, өздерін атеист санайтын америкалықтардың да, малайзиялықтардың да бауырлары діни сенімі барларға қарағанда бір жарым есе кем болып шыққан. "Мұндағы кереғарлық секуляристер ойлап тапқан бала тууды бақылау әдісінің түбінде олардың жоғалуына апарып соқтыратынына саяды",- деп айтылған зерттеу нәтижесі баяндалған хаттамада.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Жасанды зерде адамзаттың түбіне қалай жетуі мүмкін – зерттеу
■
Адамды аман қалдырмайтын, миды кеміретін құрттың бір құпиясы ашылды (видео)
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр