Еліміздегі ХХІ ғасыр індетіне шалдыққандар қарасы қанша
Еліміздегі ХХІ ғасыр індетіне шалдыққандар қарасы қанша
6 жыл бұрын 2871 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүгінгі таңда семіздік әлемдік ауқымда кеңінен тараған әрі індет ретінде танылған эпидемия. Әлемнің әр төртінші тұрғыны артық салмақтан зардап шегеді. Семіздік індетіне шалдығушылар қарасы прогрессивті жылдамдықпен артып келеді: 10 жыл сайын 10 пайызға көбеюде. Қазақстандықтар арасында да соңғы уақытта семіздік індетіне шалдыққандар көп. Қазақ тағамтану академиясы жүргізген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, елдің ересек тұрғындары (15 жастан жоғарылар) арасында орташа есеппен алғанда артық салмақтан зардап шегетін әйелдер қарасы 29,7 пайызға жеткен, ал ер-азаматтар арасында бұл көрсеткіш 33,9-ды пайызды құрап отыр. Семіздік категориясы бойынша әйелдер қарасы - 25,8 пайыз, ерлер - 15,3. Бұл нені білдерді? Қазақстанның ересек тұрғындарының жартысынан астамы (55,5 – әйелдер,  49,2 – ерлер) артық салмақтан зардап шегетінін көрсетеді. Ал балаларға келсек,  жастан 14 жасқа дейінгілер арасында әрбір жетінші бала артық салмақтан зардап шегеді – еліміздегі балалардың жалпы санына шаққанда бұл көрсеткіш 14,7 пайызды құраған. Ал шектен тыс артық салмақ қосқан балалар қарасы 9,2 пайыз немесе семіздік індетіне шалдыққандар қарасы 5,4 пайыз. Ескерте кету керек, семіздік – созылмалы ауру түріне жатады, адам кез келген жаста денсаулыққа зияны көп бұл дерке шалдығуы мүмкін.

Семіздіктен төнетін ғылыми негізі бар қауіптерді тізіп көрейік:

-       Артық салмақ қосқан адамдардың ғұмыр жасы, яғни, өмір сүру ұзақтығы 7 жылға кемитіні дәлелденген;

-       Әлем бойынша өлім-жітімнің арасында семіздіктен болатын ажал бесінші орынға көтерілген. Жыл сайын кем дегенде әлем бойынша 2,8 млн ересек адам семіздіктен бақилық болады екен;

-       Сусамырмен ауыратындардың 44 пайызы, жүрек ишемиясына шалдыққандардың 23 пайызы және түрлі қатерлі ісіктен азап шегетіндердің 41 пайызы осы семіздіктің кесірінен осындай күйге ұшыраған;

-       Қазіргі уақытта дамушы елдердегі артық салмақтан зардап шегетін 5 жасқа дейінгі балалар қарасы 35 млн-ға жетіп қалды. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткі 8 млн-нан аспайды.

0 пікір
Мұрағат