Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі концлагерь қонақүйге айналды (ФОТО)
|
Черногориядағы Мамула аралында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Мусолини сарбаздары 1853 жылы Австрия-Венгрия империясы салған кемежайды тұтқындар азапталған концлагерьге айналдырған болатын.
Бүгінгі күнге дейін лагерь ел билігіне де, туристерге де қызықты болмағандықтан, қаңырап қалған үйіндіге айналды. Бірақ алдағы уақытта Черногория билігі лагерьді енді люкс класындағы қонақүйге өзгертпек.
Бұл идеяны билікке швейцариялық Orascom Development Holding AG компаниясы ұсынған. Болашақ қонақүйдің кестесі бойынша онда тұрғын бөлмелері, мейрамхана мен дәмхана, үлкен бассейн болады. Лагерьдің артында орналасқан аумақта яхталар мен шағын кемелер үшін кемежай, сондай-ақ туристерді тарту үшін дайвинг орталығын салу көзделіп отыр, деп жазады billionnews.ru.