Егіздердің көптігімен аты шыққан ел (фото)
Егіздердің көптігімен аты шыққан ел (фото)
6 жыл бұрын 5059 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Нигерияның оңтүстік-батысында орын тепкен Игбо-Ора қаласы әлемдік егіздер астанасы атанған қала. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары британиялық гинекологтардың арнайы жүргізген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, әрбір мың босанудың елуге жуығында егіздер дүниеге келген. Бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіш. Ғалымдар бұл құбылысқа талай уақыттан бері бас қатырып келеді, десе де нақты бір ортақ жауабын таба алған емес. Жергілікті халық егіздердің көп тууын азық ретінде бамиді көп тұтынатындығымен түсіндіреді. Йорубтар ұлысы бұл құбылыстың тағы бір себебін жергілікті азық саналатын амалимен байланыстырады. Жергілікті тұрғындардың ямс ұны мен маниокиден дайындалатын тағам түрі. Олардың пайымдауынша, ямс ұрықтың дамуына септігін тигізетін гонадотропинді бөледі. Ал ғалымдардың дені бұл құбылысты жергілікті халықтың арғы тегінің ерекшелегінен, яғни, генінен көреді. Лагостық акушер-гинеколог Екуджуми Оларенуаджу ямсадан екендігіне күмәнмен қарайды, өйткені, оны өзге жердегілер де тұтынғанымен егіздер жоқтың қасы. «Себебі тағамда жатқаны турасында әзірге дәлел жоқ. Бұл арада генетикалық аспекті рөл ойнайды. Егіздер тууға бейім жергілікті халықтың бір-бірімен шаңырақ көтеріп, егіз ұрпақ әкелетіндер қарасын көбейтуде»,- деді ол. Әдетте егіздерге бір ғана есім беріліп жатады: алғашқысына Тайво, ал екіншісіне Кехинде.

0 пікір
Мұрағат