Дін және өнер: Құран аяттары өнердің бағдаршамына айналды (ФОТО)
Дін және өнер: Құран аяттары өнердің бағдаршамына айналды (ФОТО)
10 жыл бұрын 8895

Үнділік Салва Расул (Salva Rasool) есімді қылқалам шебері Жаратушыға деген махаббатын каллиграфиялық және абстрактілік өнер арқылы бейнелейді. «Түрлі-түсті палитрамен кенеп бетіне түсірілген Құран аяттары үшөлшемді бейнеде көрінеді», - деді ол. Бұл жайында ummet.kz сайты Hindustan Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

«Сурет салу барысында тек қағаз-қаламмен ғана емес, түрлі тұрмыстық заттарды да қолданып, олардың қолөнердегі өзіндік ерекше жолын іздестіремін» дейді суретші өз ойымен бөлісіп.

Сальваның өнерге деген қызығушылығы 1991 жылдан, өз үйіне әдемі бір сурет іздеуінен басталыпты. «Мен қалыптасып кеткен сюжеттерді салғым келмеді. Сондықтан Аяттарды таңдадым. Алла тағала адамға өзі көтеретін ғана міндетті жүктейді деп ойладым. Сондықтан өз мүмкіндігімнің шегінде жақсы дүниелер әкелуге тырысамын» дейді Сальва Расул.

Бес жыл бұрын Мумбайдағы Кала Года атты тарихи-өнер мұражай көрмесінде белгілі қылқалам шебері ол уақытта сатылымы аз болатындығын айтып, өз көрмесін қоюдан бас тартып, оның орнына Сальва Расулдың өз туындыларын жұртшылыққа жария етуіне мүмкіндік туған еді. Оңтайлы сәтте шыға білген Сальваның көрмесі жемісті болып, оның жұмыстарына өзге дін өкілдері де қатты қызығушылық танытты.

 

АҚШ мұсылманы бүкіл Америкада азан шақырады

Үстіміздегі жылдың сәуір айының 3-нен бастап, бүкіл Америкада «Муэдзин» жобасы жүзеге асырылады. Жәміл Саид есімді АҚШ тұрғыны аталмыш жоба аясында елу штаттың барлығында азан шақыруды жоспарлап отыр. Ол 2014 жылы Солтүстік Американың ислам қоғамдастығының жыл сайын өткізілетін құрылтайында ресми түрде азан шақырушы болып бекітілген. Осынау игі бастаманың иесі бұл шара осы елдегі мұсылмандар жамағатына оң әсерін тигізетініне сенімді.

0 пікір
Мұрағат