Жануарлар әлемі: Сегізаяқ ғалымды суретке түсірді
Жануарлар әлемі: Сегізаяқ ғалымды суретке түсірді
9 жыл бұрын 5013

Washington Post басылымының хабарлауынша, АҚШ-та сегізаяқ ғалымды бірнеше рет суретке түсірген көрінеді. Нақтырақ айтқанда, аквариумдегі сегізаяқ ғалымды су өткізбейтін GoPro камерасымен суретке түсірген. Мына қазақты қараңыз, оператор Бенджамен Савард суретке түсіріп алуы тиіс сегізаяқ керісінше адамдардың өзін топтамалық түсіру режимінде таспаға тартып алған екен. Десе де, ол немен шұғылданып жатқанын со күйі түсінбеген болуы керек, камераны жеуге тырысқан. Бұған қарамастан ғалымдар тәжірибені одан ары жалғастыра беруге бел буып отыр. Яғни, теңіз жануары түсірген видеоны жұртшылықтың назарына қайткен күнде көрсетуді мақсат етіп отыр. Ол үшін сегізаяқты үйретуді одан ары жалғастырады.

 

Непалда қорықтан қашқан мүйізтұмсық әйелді сүзіп өлтірді

Непалда қорықтан қашып шыққан мүйізтұмсық 61 жастағы әйелді сүзіп өлтірді және 6 адамды жаралаған. Бұл жайында nur.kz сайты Bnews.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Жергілікті полицейлердің хабарлауынша, қорық пен оқиға болған Хетауд қаласының арасы 20 шақырым. Мүйізтұмсықтың қалаға қалай жеткені әзірге белгісіз болып отыр. Автокөлік мінген қала тұрғындары хайуанды үркітіп, қаладан қуып шықпақ болады.
Алайда мүйізтұмсық бір ауданнан екіншісіне қашып, жол-жөнекей кездескен адамдарды сүзіп, жаралайды. Тіпті, қала орталығында орналасқан ауруханаға кіріп кеткен. Оқиға орнына жеткен полицейлер жануарды қоршауға алып, арнайы мамандарды шақырған.
Мүйізтұмсықты жаралап алмау үшін транквилизатор егіп, көлікпен алып кету керек дейді олар. Мұндай жағдай Непалда соңғы рет 2013 жылы болған. Жалпы, қазіргі уақытта Непалда 500-ден астам мүйізтұмсық мекендейді.
Соңғы 100 жыл ішінде браконьерлердің кесірінен бұл жануарлардың саны күрт кеміген. Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияда дәстүрлі медицинада мүйізтұмсықтың мүйізі дәрі ретінде қолданады, сондықтан ол өте қымбат тұрады. 

0 пікір
Мұрағат