|
Денесінің қақ жартысы жоқ жасөспірім Қағбада қалай тәуеп етті? (видео)
|
Ғаним әл-Мүфтах есімді 15 жастағы катарлық бозбала сирек кездесетін дерттен денесінің жартысынан айырылып қалған. Оның қасиетті Қағбаны тәуеп етіп жүргені таспаға тартылып қалған екен. Ол мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арбаны пайдаланбай-ақ, қолымен жер тіреп жүріп, тәу етті. Оның ұмраға сапарын туризм және ұлттық мұра жөніндегі саудиялық комиссия басқармасының төрағасы, ханзада Сұлтан бин Салман ұйымдастырып берген еді. "Алла менің дұғамды қабыл алды. Мен Ұмраға келіп, Қағбаны тәуеп еттім",- деді ағынан ақтарылған Ганим.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Cингапур алаяқтарға дүре соғу жазасын заңдастырды және мұндай жаза қай елдерде бар
■
Түркі елі түрме инфрақұрылымын дамытып жатыр
■
Күллі Африкада интеллектуалды капитал бойынша бірінші орыннан көрінген араб елі
■
Мұсылман елі әлемде күріш импортынан келесі жылы бас тартуға ден қойған алғашқы мемлекетке айналады
■
Жаһандық электр энергиясын өндірудегі жаңғыртпалы энергия көздерінің үлесі алғаш рет көмірден асты