Чилидегі жанартау оянды
Чилидегі жанартау оянды
10 жыл бұрын 8624

Вильяррик жанартауының оянуына байланысты Чили билігі 3400-ге жуық жергілікті тұрғынды қауіпсіз аймақтарға көшіруге мәжбүр болды. Бұл жайында The Guardian ақпарат көзі хабар таратты. Қауіпті аймаққа апаратын жолдар жабылып, тәртіп сақшылары мародерлікке жол бермес үшін күзетті күшейтті. Егер жанартау белсенділігі артатын болса, тағы 20 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшіріледі. Чили президенті Мишель Бачелет жанартау оянған аймаққа шұғыл келіп кетті. Айта кету керек, Вильяррика – Латын америка құрлығындағы ең белсенді жанартау болып табылады. Әр он жыл сайын оянады. 1971 жылы жанартаудан бөлінген газдан ондаған адам уланып өлген болатын. Экологтарды жанартаудың оянуы мұздың еруіне апарып соқтырады ма деп қауіптеніп отыр. Рио Турбио өзенінің деңгейі соңғы уақытта бес метрге көтерілген. 

0 пікір
Мұрағат