«Бүгінгі бойжеткен - ертеңгі ана» байқауы өтті (ФОТО)
«Бүгінгі бойжеткен - ертеңгі ана» байқауы өтті (ФОТО)
10 жыл бұрын 6598

Алматы орталық мешітінің Бас имамы Есмағанбет Нұрбек қажының ұйытқы болуымен 26 сәуір күні мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында тәлім алып жүрген бойжеткен қыз балалар арасында «Бүгінгі бойжеткен - ертеңгі ана» атты өнер-білім сайысы өтті.

Жарыстың өткізілу мақсаты жасөспірім бойжеткендер арасында білім-ғылым мен өнерді насихаттау болатын. Сайысқа әрқайсысы 4 арудан тұратын 4 топ қатысып, өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Атап айтқанда арулардан құралған өнерпаз топтар тарихта өткен асыл тұлға аналардың өмірінен көрініс көрсетті. Сайыстың білім жарысы бөлімінде қыздар Құрандағы ғылыми маңызды аяттарға талдау жасау тапсырмасын орындап, түрлі сұрақтарға жауап берді. Ал үй шаруасына қаншалықты шебер екендіктерін анықтау үшін үй тапсырмасы ретінде пісіріп келген тәттілері мен тоқаштарына әділқазылар алқасы баға берді.

Білікті ұстаздар мен көрген-білгені мол әділқазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаз топтар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

1 пікір
Мұрағат