Бизнес және ислам: Әйелдерге арналған қала салынады
Бизнес және ислам: Әйелдерге арналған қала салынады
10 жыл бұрын 3395

Сауд Арабиясының өнеркәсіптік жылжымайтын мүлік министрлігі Жидда қаласының маңындағы Усфанда тек әйелдерге арналған өнеркәсіп қаласының салынатын жария етті. Онда тек білікті ақ жаулықтылар ғана еңбек ететін болады. Аталмыш жобаның алғашқы кезеңі аяқталды: жол төселді, канализация мен электр желісі тартылды. Бұл қала король Әбдулазиз атындағы халықаралық әуежайдан 25 шақырым қашық жатыр. Бұл жоба экономиканың барлық саласы бойынша әйелдерге арналған жұмыс орнын құруға бағытталған.

 

Оңтүстік  Кореяның халал өнім экспорты екі жылдың ішінде екі есеге артады

Үстіміздегі жылдың, яғни, 2015 жылдың наурыз айының 19-ы күні Оңтүстік Корея билігі 2017 жылға қарай халал өнімдер экспортын ең аз дегенде 1 230 000 000 000 долларға жеткізуді алдына меже етіп қойды. Шариғат талаптарына сай азық-түлік өнімдерін өндіретін кез келген компания үшін халал сертификатына ие болудың маңызы аса зор. Бұл нені білдіреді? Ендігі жерде мұсылмандар хаалал сертификаты бар кәрістің сапалы өнімдерін, соның ішінде, косметикалық, дәрі-дәрмек өнімдерін пайдалануға болады. Жалпы шаариғат талаптарына сай өндірілген өнімдер нарығы 1 000 000 000 000 долларға жеткен. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 1 626 000 000 000 долларға жеткізу көзделуде.

 

Сауд Арабиясының демеушілері шағын мешіттерді қолай көреді  

Сау Арабиясының мешіт құрылысы жөніндегі қайырымдылық қордың бас директоры Хамад әл-Өләйанның айтуынша, саудиялық демеушілердің дені қаржысын шағын мешіттер құрылысына жұмсағанды жөн көреді. Бұған шағын мешіттердің тез салынып бітетіндігі себеп болса керек. Бұған қоса, қаражат та аз жұмсалады. Мұндай шағын мешіттер негізінен тұрғындары аз жекелеген аудандар мен шағын елді-мекендерде жиі ұшырасады. Оның сөзіне қарағанда, жуырда аудан көлемі 100-ден 300 шаршы метрге дейінгі шағын мешіттер үлгісін әзірлеу мақсатында инжинирингтік қызметтің өкілдерімен үйлестіру кеңесі өткен.

0 пікір
Мұрағат