Биржада жауын суы тұңғыш рет сатылды
Биржада жауын суы тұңғыш рет сатылды
4 жыл бұрын 3451 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың су биржасы хабарлағандай, аталған елде ауыз су жинауға қатысты алғашқы мәміле жүзеге асырылған. Бұл жайында islam.kz порталы 新華社 (Синьхуа) ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Аталмыш мәміле Қытайдың орталық бөлігіндегі Хунань провинциясының орталығы - Чанша қаласының жоғары технологиялық даму өнеркәсіп аймағында жүзеге асырылды. Hunan Yuchuang қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Хунань инженериялық компаниясы Hunan Gaoxin компаниясынан әр текше метрі үшін 0,7 юанға 20 мың текше метр жауын суын сатып алды. Осылайша дәстүрлі емес су ресурс көзінің нарығында осындай ауқымды операция жүзеге асырылды. Жоғарыда аталған инженерлік компания бұдан бөлек бау-бақша мен экология саласындағы жергілікті кәсіпорындарға әр текше метрі үшін 3,85 юанға жауын суын сатқан. Жауын суы көгалдандыру мен ұдайы тазалық талаптарын сақтау мақсатында қолданылады. Чаншаның экологиялық өнеркәсіп саласындағы инновациялық, стретегиялық альянстың бас хатшысы Лю Бон таяу үш жылда шамамен бір млн юанға мұндай мәмілелерді жүзеге асыруды көздеп отырғанын мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат