Бірде-бір шеге қағылмаған ағаш мешітке 814 жыл толды (видео)
Бірде-бір шеге қағылмаған ағаш мешітке 814 жыл толды (видео)
5 жыл бұрын 3565 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияның Самсун провинциясына қарасты Шаршамба ауданында орын тепкен Гиөжелі мешітінің салынғанына биыл табаны күректей 814 жыл толады екен. Түркия аумағында ғана емес, күллі әлемде ең ежелгі мешіттердің бірінен саналатын аталмыш құлшылық үйі 1206 жылы бірыңғай ағаштан, бірде-бір шеге қағылмай тұрғызылған. Онда бір мезгілде 300 адамға дейін намаз оқи алады. Мұсылмандардың тарихы тым тереңде жатқан осынау құлшылық үйі Гиөжелі бейітінің аумағындағы Һасбақшы орамында бой көтерген. Анатолиядағы ағаштан қаланған ең көрнекті сәулет туындысы іспетті. Ағаштарды бір-біріне шақтап қиып, кигізген. Бұл тәсіл түрік тілінде kurtboğazı (қасқырдың өңеші) деп аталады. Ағаш сыңсып өскен таулы аймақтарда жүргізілетін құрылыста қолданылады. Сегіз ғасырға төтеп берген мешіт талай зілзаладан аман қалған екен. Мешіт кезінде Анатолияға ішкері дендеп енген түрік әскерінің византиялықлықтармен соғыста жеңістен жеңіске жетіп дәуірлеп тұрған тұста, дәлірегі, селжүк сұлтаны Гийас ад-дин Кейһоср тұсында тұрғызылған. Аталмыш мешіттің есігі әлі күнге жамағатына айқара ашық: күніне бес уақыт намаз оқылады әрі туристер көптеп келетін көрнекті орынға айналған

 

0 пікір
Мұрағат