Бір ғана христиан елінде 423 мешіт пен 100 шариғи сот жұмыс істейді
Бір ғана христиан елінде 423 мешіт пен 100 шариғи сот жұмыс істейді
6 жыл бұрын 3238 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбритания астанасы жылдан жылға ислами сипат алып барады -  өзге еуропалық астаналардың барлығын қосқанда Лондон қаласындағы мешіттер мен шариғи соттардың санына жетпейді. Аталмыш мегаполисте 423 мешіт пен мұсылман тұрғындар арасында пайда болған мұрагерлік, отбасы, жылжымайтын мүлік бөлісу мәселелеріне қатысты талас-тартысты, дау-дамайды шешетін 100 шариғи сот бар.Бұл жайында Saudi Gazette ақпарат көзі хабар таратты. Лондондағы мешіттердің дені шіркеулермен қатар тұр. Мәселен, әулие Георгия шіркеуі бір мезетте 1230 адам қабылдай алғанымен нақтысында жаппай құлшылыққа бар-жоғы 12 адам ғана келеді. Алдын ала жасалған болжам бойынша 2020 жылы Лондондағы мешіттерге келіп, ғибадат ететіндер қарасы 683 000-ға жетуі мүмкін, ал апта сайын өтетін шіркеудегі мессаға келетіндер саны 679 000 адамға кемуі ықтимал. 

0 пікір
Мұрағат