|
БАС МҮФТИ САҒАДАТ АҚСАҚАЛҒА ҚАЖЫЛЫҚҚА ЖОЛДАМА СЫЙЛАДЫ
|
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қайырымды ісі мен имандылықтың жарқын үлгісін көрсеткен 94 жастағы ақсақал Сағадат Жұмабаевқа шынайы алғысын білдіріп, қажылық сапарына жолдама сыйлады.
ҚМДБ Төрағасының тапсырмасымен Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы мүфтият атынан берілген қажылық сапарының жолдама сертификатын Сағадат ақсақалға арнайы барып тапсырды.
Айта кетейік, Сағадат Жұмабаев Павлодар қаласындағы қарттар үйінде 13 жылдан бері тұрып келеді. Туыстары болмағанына қарамастан, ол өмір бойы қажылыққа деп жинаған қаржысын сырқат баласы бар аналарға таратып берген еді. Қария 3 600 000 теңгені 30 анаға бөліп, әрқайсысына 120 000 теңгеден көмек көрсеткен болатын.




Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай шөлейттенуге қарсы биотехнологияны қолданады
■
Азия елі сумен жұмыс істейтін батарея шығара бастады
■
Қазақстандықтарға шетелде қиын жағдайға тап болған кезде кім көмектеседі
■
Ғалымдар обырмен күресу үшін иммундық жасушаны қолдан өсірудің жолын тапты
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады