Азияның ең дәулетті адамы Африкадағы ел есебінен байлығын еселеудің жолын тапты
Азияның ең дәулетті адамы Африкадағы ел есебінен байлығын еселеудің жолын тапты
2 жыл бұрын 1698 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Amit Dave / Reuters

Азиядағы ең ауқатты адам саналатын үнділік миллиардер Гаутама Адани Мароккода жаңартылатын энергия өндіретін үлкен орталық құруды көздеп отыр. Бұл тараптағы мегажоба мақсаттарының бірі энергетикалық дағдарысты шешуге көмектесу үшін Еуропаны таза сутегімен қамтамасыз етуге саяды. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы мақсатта ол Африка құрлығының солтүстігінде орын тепкен аталған елде күн және жел электр стансаларын, сондай-ақ, жасыл сутегі өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Аталмыш жоба бойынша панелдер мен турбиналардың жиынтық қуаты 10 гигаватқа жетуі мүмкін, бұл жоба өз кезегінде үнді алпауытының Үндістаннан тыс жердегі жаңғыртылатын энергия көздерінің ең ірі активі болмақ. Бұл тараптағы жоба екі кезеңде жүзеге асырылады - алдымен күн батареялары мен 5 гигаватт жел турбиналары орнатылады, ал біраз уақыттан кейін олардың жалпы қуаты қосымша 5 гигаватқа артады.

0 пікір
Мұрағат