Араб каллиграфиясы ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізімне енді
Араб каллиграфиясы ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізімне енді
3 жыл бұрын 2604 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудия бастаған 15 араб елі мен Араб елдері лигасының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының күш-жігерінің арқасында араб каллиграфиясы UNESCO-ның материалды емес мәдіни мұрасының тізіміне ресми енді. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Араб каллиграфиясы діни мәтіндерді айшықтауда қолданылып қоймай, ғасырлар бойы мәдениетін, діни құндылықтарын таратуда маңызды рөл ойнап,  араб тілінің эстетикалық өрісін кеңейткен өнер түрінде алға шығады. Тарихи тамыры тереңде, өз алдына дербес әлемді құрайтын араб каллиграфиясы осы күнгі дизайн саласында сәтті қолданылып келеді, бұл жайт араб каллиграфиясының өрісін кеңейтуде. Араб каллиграфиясының ерте дәуірдегі түрін Саудия аумағындағы әл-Уле әрі Бир-Хима деп аталатын ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасына енген тарихи орындардан тамашалай алады.

0 пікір
Мұрағат