Араб елдерінің бірқатарын қамтитын ортақ жобаның бір бөлігі аяқталды
Араб елдерінің бірқатарын қамтитын ортақ жобаның бір бөлігі аяқталды
3 жыл бұрын 1764 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

“Etihad Rail” компаниясы Саудия мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қатынасты жандандыратын, ұзындығы 139 шақырымға созылып жатқан теміжол құрылысын аяқтады. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш теміржолдың бұл аймағы ауқымды ұлттық жобаның тек бөлігі ғана – БАӘ құрамындағы барлық жеті әмірлікті, сондай-ақ, көрші елдерді қамтитын жалпы ұзындығы 1200 шақырымды құрайтын теміржол болмақ. “Etihad Rail” мемлекеттік көлік компаниясының жетекшісі аталмыш жобаның шамамен 40 млрд дирхамға (12 млрд доллар) бағаланып отырғанын жеткізді. 2018 жылы БАӘ-нің жер және көлік ұйымының бас директоры Абдолла Сәлем әл-Қасыр 2021 жылдың соңына таман аталған екі араб елінің арасында теміржол қатынасы ашылатынын мәлімдеген болатын. Алайда, сол кездегі жоба бойынша аталмыш теміржол құрылысы Парсы шығанағындағы араб елдерінің ынтымақтастық кеңесіне мүше барлық елдердің (Саудия, БАӘ, Оман, Бахрейн, Кувейт және Катар) арасында да жүретіні айтылған болатын. Жалпы ұзындығы 2100 шақырымды құрауы тиіс жобаның бүгінде ұзындығы 1200 шақырымға дейін неліктен қысқарғаны туралы ақпарат жоқ. Біздің топшылауымызша, стратегиялық маңызы зор бұл ауқымды жобадан Саудия бастаған бірқатар араб елдері түрлі желеумен блокада да қалдырған Катар шеттеп қалуы мүмкін. Бұдан бөлек, Оман сұлтандығы да аталмыш жобаға қатысудан бас тартуы мүмкін – елдегі инфрақұрылымдық жобаларға байланысты. Өйткені, 2016 жылы Оман билігі ең алдымен ел аумағындағы теміржол қатынасын дамытуға ден қоятынын мәлімдеген болатын.

0 пікір
Мұрағат