Араб әлемінен оқшауланған Катар Иранға бағдар алды
Араб әлемінен оқшауланған Катар Иранға бағдар алды
6 жыл бұрын 3911 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудия бастаған бірқатар араб елдері байкот жариялаған Катар елінің вице-премьері әрі сыртқы істер министрі Мұхаммед бин Абдулрахман бин Жассим әл-Тани Бағдат қаласына ресми сапары кезінде аймақтың жаңа коалициясын құру турасында ұсынысын білдірді. IRNA ақпарат көзі таратқан хабарға қарағанда, ол Ирактан, Ираннан, Катардан, Түркиядан және Сириядан тұратын жаңа коалиция құруға мүдделілік танытқан. Әлбетте, Катар билігінің аймақтағы өз мүддесін жүзеге асыруына септігін тигізетін жаңа коалицияны құру туралы ұсынысы қаншалықты жүзеге асатынын тап басып айта алмаймыз. Бір білетінімз, бұл жаңа коалиция Саудия бастаған батысшыл араб елдерінің саяси одағына балама альянс болуы мүмкін. Бұдан бөлек, аймақтағы онсыз да асқынған геосаяси ахуалды одан ары ушықтыруы әбден ықтимал. Немесе керісінше, аймақтағы белгілі бір тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қызмет етуі де мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Десе де аймақта бір-біріне жұлдызы қарсы екі одақтың болуы түбінде жақсылыққа апармайтыны анық. 

0 пікір
Мұрағат