Ақса мешітін палестиналықтар мен израилдіктер үшін екіге бөлу заң жобасы қарастырылады
Ақса мешітін палестиналықтар мен израилдіктер үшін екіге бөлу заң жобасы қарастырылады
2 жыл бұрын 1021 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Палестина премьер-министрі Мұхаммед Штай қасиетті Құдыстағы Ақса мешітін мұсылмандар мен иудейлерге бөлуді қарастыратын, «Ликуд» партиясы әзірлеген заң жобасына наразылық білдірді. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Палестиналық саясаткер Түркия, Малайзия, Индонезия және Мысыр билігін Израилді бұл райынан қайтаруға шақырды. Исі мұсылмандар үшін Харам мешіті мен Пайғамбар (с.а.с.) мешітінен кейін қасиетті саналатын Ақса мешітін бөлу туралы бастаманы парламент (Кнессет) мүшесі Амит Халеби көтерген. Аталмыш заң жобасы көп ұзамай депутаттардың талқысына ұсынылады. Заң жобасы бойынша күмбезді жартас мешітінің ауласы және әл-Ақса мешітінің солтүстік шекарасына дейін созылып жатқан аумақты еврейлерге беру қарастырылған.

0 пікір
Мұрағат