Америкалық сарбаздар Ауғанстаннан шығарыла бастады
Америкалық сарбаздар Ауғанстаннан шығарыла бастады
5 жыл бұрын 1615 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ билігі тәліптер қозғалысымен келіскендей америкалық сарбаздарды Ауғанстан аумағынан шығару процесін бастап кетті. Бұл жайында Ауғанстандағы АҚШ Қарулы күштерінің ресми өкілі Сонни Леггетта наурыз айының 9-ы күні мәлімдеді. Бүгіннен бастап, яғни, наурыздың 10-нан бастап америкалық сарбаздар ауған жерінен шығарыла бастайды. Бұл процесс 1 жыл екі айға дейін созылады. Сондай-ақ, тұтқынға түскен бес мыңдай тәліп және америкалық сарбаздар жағынан екі мыңға тарта тұтқын босатылады. Келісімде қарастырылғандай, тәліптер ауған аумағындағы АҚШ пен оның одақтастарының қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі тиіс. Бұдан бөлек, тәліптер Ауғанстан үкіметімен келіссөз бастауы тиіс. АҚШ-пен арадағы келісім талаптарына сай. Осыған орай тәліптер бүгін – наурыздың 10-ы күні ауғанстан үкіметімен келіссөзді бастайтынын мәлімдеді. Бұл жайында регнум.ру ақпарат көзі хабар таратты. 

0 пікір
Мұрағат