Індет кезінде бетперде таққан адамды тану жүйесі жасалды
Індет кезінде бетперде таққан адамды тану жүйесі жасалды
4 жыл бұрын 2059 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Hanwang Technology Ltd компаниясы індет жайлаған кезде медициналық бетперде киіп қылмыс жасағандарды тануға мүмкіндік беретін жүйені жасады. Бұл жайында орыстардың Reuters ақпарат ресурсы мәлім етті. Hanwang Technology вице-президенті Хуан Лей аталмыш компания 10 жылдан бері қолданып келе жатқан технология негізінде осындай жүйені жасағанын мәлім етті. Яғни, бұрыннан бар адамды тану жүйесінің жетілдірілген нұсқасы іске қосылады. Hanwang Technology өкілдері хабарлағандай, бетперде киген адамды тану дәлдігі шамамен 95%-ды құрайды. Ал адамды бетпердесіз тану жүйесінің дәлдігі шамамен 99,5% екенін ескерсек, бұл жақсы көрсеткіш. Hanwang Technology компаниясына тапсырыс бергендер арасында Қытай халық республикасының қоғамдық қауіпсіздік министрлігі де бар.

0 пікір
Мұрағат