Америкалық ғалымдар жанары алабөтен жапалықты құтқарды
Америкалық ғалымдар жанары алабөтен жапалықты құтқарды
10 жыл бұрын 4137

Калифорния штатына қарасты Силмар қаласындағы жабайы табиғат оқу орталығындағы ғалымдар жанары өзгеше, яғни, ғарышты, дәлірегі,  жұлдызды аспанды көз алдыңа келтіретін соқыр жапалықты қамқорлығына алды.

Жапалықты ғалымдар аталмыш орталықтың есігіне соқтығысып қалған жерінен тауып алған екен. Оны ветеринар дәрігерлердің қолына тапсырған көрінеді. Дәрігерлер жапалықтың соқыр екенін, яғни, ештеңені көрмейтінін анықтады. Осы соқырлығының кесірінен бағытынан адасып, аталмыш орталықтың есігіне соқтығысып қалған көрінеді. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі BoredPanda агенттігіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Қазіргі уақытта жапалақ маймыл, қолтырауын және өзге де жануарлар мен жәндіктер орналасқан орталықта қолдан жем жеп жүр. Кейін белгілі болғандай, Флорида штатының тұрғыны Сонджи Уильямстің сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүйткіген автокөлігіне соғылған көрінеді. Жапалақ та, автокөлікте отырған адамдар да аман қалды. Бір қызығы, жапалақ радиотарда қыстырылып қалған. Тек келесі күні ғана автокөлік иесінің көзіне түскен. Бір ғажабы, жапалақтың денесінде бірде-бір жарақаттың ізі байқалмады. 

0 пікір
Мұрағат