Әлемде тұңғыш рет робот азаматтық алды - мұсылман елінің азаматтығын (фото)
|
Сауд арабиясында инвестиция тарту мәселесі бойынша өткен халықаралық маңызды жиында аудиторияның назарына бірден жаулап алған өзгеше робот жұртшылыққа таныстырылды. Аталған жиын меймандары роботты қалта телефондарын шығарып, таспаға тартып алып жатты. Аталған жиында жұртшылықтың назарына ұсынылған София деген есім берілген әйел-роботты гонконтық Hanson Robotics компаниясы құрастырған екен. "Мен адамдармен жұмыс істегім келеді, өйткені, маған адамдарды түсіну әрі олардың сеніміне кіру үшін эмоциямды білдіріп отыруым қажет" деді робот-әйел аталған жиынды жүргізушімен тілдескен кезде. Бұл жайында Arab News ақпарат көзі хабар таратты. "Өзіңнің робот екеніңді білесің бе?" деген сауалға София: "Маған сауалға сауалмен жауап беруіме рұқсат етіңіз, өзіңіздің адам екеніңізді қалай сезінесіз?" деп сауал қоюшының аузына құм құйғаны қызық болды бәрінен бұрын. Осы шара барысында роботқа саудиялық төлқұжат табыс етілді. "Бұл тарихи сәт - әлемде роботқа бірінші рет азаматтық беріліп отыр" деп мәлімдеді ол.