9 жыл ішінде Үндістанда 3,5 млн-нан аса ағаш отырғызылған
9 жыл ішінде Үндістанда 3,5 млн-нан аса ағаш отырғызылған
5 жыл бұрын 2221 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Grow-Trees ұйымы келтірген мәліметке қарағанда, Үндістан аумағында 2010 жылдан бері, яғни, 9 жыл ішінде 500-ден аса компания мен қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын жекелеген тұлғалар 3,5 млн-нан аса ағаш отырғызған екен. Бұл шара өз кезегінде жылына 70 700 тонна жаһандық жылыну мен климаттың өзгеруіне себеп болып отырған көмірқышқыл газын жоюға септігін тигізеді. Бұл ауқамды экологиялық шара Grow-Trees ұйымының әлеуметке бағдарланған бағдарламасы негізінде қолға алынған болатын. Сондай-ақ, бұл шара тек қоршаған ортаны қорғауға "шарапатын" тигізіп қоймай, екі қолға бір күрек таппай жүргендерге жұмыс тауып берген. Үнділердің «Джагран» деп аталатын ақпарат көзінің дерегі бойынша аталған ел аумағының шамамен 45% орман-тоғайдың оталуынан, табиғи қазба байлықты өндіруден, жерасты суын шектен тыс тұтынудан құнарсызданып кеткен. Бұл дегредацияға ұшыраған ердің үштен екісін бұрынғы қалпына келтіруге болады. Ағаш отырғызу арқылы.

 

0 пікір
Мұрағат