Зерттеу: Манука балы өлімге әкелетін инфекциямен күресе алады
Зерттеу: Манука балы өлімге әкелетін инфекциямен күресе алады
2 жыл бұрын 1317 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дәрінің мөлшері аз болса да оның әсерін күшейтеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Microbiology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Англиядаы Астон университетінің ғалымдары тыныс алу жолдары кеңейіп, шырыштың жиналуына әкелетін қауіпті өкпе ауруы – муковисцидозды емдеудің жаңа әдісін әзірледі. Кейіннен бұл басқа қауіпті инфекцияларды жұқтыру қаупін арттырады және антибиотикалық емдеу уақыты кем дегенде 12 айға созылады. Ғалымдар өз жұмыстарында муковисцидозден зардап шегетін 16 науқастан алынған Mycobacterium abscessus бактерияларының үлгілерін пайдаланды. Стандартты 16 микрограмм антибиотик амикациннің орнына бар болғаны 2 микрограммды табиғи манука балымен біріктіріп қолданудың өзі жеткілікті болған. Бұдан бөлек, антибиотиктің кері әсерін барынша азайтатыны белгілі болып отыр.

0 пікір
Мұрағат