Зағипке жасанды қасаң қабық салынған соң көзі көріп кетті (видео)
Зағипке жасанды қасаң қабық салынған соң көзі көріп кетті (видео)
4 жыл бұрын 4287 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Израилде 78 жастағы зағип ер адамға Kpro жасанды қасаң қабықты импланттаған соң көзі көріп кетті. Бұл жайында islam.kz порталы israelhayom.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы уақытқа дейін түртінектеп, қабырға жағалап келген қартқа ота жасалғаннан кейін туған-туыстары мен сандарды көре алатын деңгейге жеткен. Дәрігерлер мүмкіндігі шектеулі жанның зақымдалған қасаң қабығын донорлық тінсіз-ақ жасанды қасаң қабықпен алмастырды. CorNeat компаниясының мамандары жасаған KPro имплантын пациенттің көз бұршағына тікелей орналастырды. CorNeat компаниясының бұл имплантының артықшылығы сонда – онда «биометриялық материал» пайдаланылған. Осының есебінен имплант бірнеше апта ішінде пациент көзінің толыққанды бөлігіне айнала алады, бара-бара пацменттің көру қабілеті артады.

Ұқсас матертиалдар:

"Адамзаттың 97%-ы шалдыққан көз ауруының емі табылды" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/adamzattyn-97-y-shaldyqqan-koz-auruynyn-emi-tabyldy-14698/#gsc.tab=0);

«Таяу Шығыстағы көз банкіне ие бір ғана елде жылына көздің мүйізгек қабығын қондыру бойынша 6 мың оты жасалады» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/tayau-shygystagy-koz-bankine-ie-bir-gana-elde-jylyna-kozdin-muiizgek-qabygyn-qondyru-boiynsha-6-myn-oty-jasalady-14482/#gsc.tab=0);

«Бір ген бар, көздің көру қабілетін жақсартатын» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/bir-gen-bar-kozdin-koru-qabiletin-jaqsartatyn-14536/#gsc.tab=0); 

0 пікір
Мұрағат