|
Зағип жігіт дыбысты фото аппаратын пайдалануды үйренді
|
Туабітті көзі көр, тегі үнділік Пранав Лал (Pranav Lal) көзінің кемістігі бар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған, кеңістікте бағдар алуға көмектесетін бағдарламаның көмегімен дыбыс арқылы фотосурет түсуге машықтанды. Бұл жайында «New Scientist» ақпарат көзі хабар таратты. «vOICe» деп аталатын софт түрлі түсті бейнені қара-ақ түске келтіреді, содан соң дыбыс арқылы танылған әр деталды солдан оңға қарай сканерлейді (яғни, көшіреді). Нысанның биіктігі дыбыстың көтеріңкілігімен, ал жарықтығы дыбыстың жарқын (қатты) шығатындығы арқылы білінеді. Біздің кейіпкерімізге күрделі пішіндерді әр деталы бойынша тануы қиынға түседі. Десе де ол алдында не тұрғанын және артында не бар екенін айыра алады. Ол біз сөз еткен құрылғыны саяхат жасағанда пайдаланады.