Ылғалдан қуат алатын робот жасалды (фото)
Ылғалдан қуат алатын робот жасалды (фото)
7 жыл бұрын 2791 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, кеше, яғни, қаңтар айының 30-ы күні неміс ғалымдарының адам ағзасының керекті жеріне дәріні жеткізіп беретін ерекше әрі шағын робот туралы хабардар еткен едік. Бұл жол Сеул қаласының ғалымдарының ойлап тапқан жаңалығын назарларыңызға ұсынамыз.. Өткендегі жаңалығымызда айтқанымыздай, неміс ғалымдары қоңыз личинкаларына, медузаға, т.б. қарап отырып, медициналық мақсатта пайдалануға болатын ерекше робот жасаса, кәріс әріптестері де табиғатқа, соның ішінде ылғалды сіңіріп алатын өсімдіктерді негізге алып жасаған екен. Нақтырақ айтқанда, Сеул университетінің ғалымдары батарейка мен электрді қажет етпейтін робот топырақ пен ауадағы ылғалды өзіне сіңіре отырып, яғни, табиғи қуат алып, қимылдай алады. Ол түрлі бағытта жылжып, иіліп-бүктеледі, бір орнында түрлі қимыл жасай алады. Наноталшықтан жасалған гидробот екі қабаттан тұрады: оның бірі ылғалды сіңіреді, екіншісі сіңірмейді. Бот ылғалды жоғарғы жағына тап болса, ылғал сіңірген қабат ісінеді  де ылғалдың азаюына ықпал етеді. Ал аталған қабат құрғағанда бот бастапқы қалпына келеді. Бұл циклдердің қайталануы құрылғының жылжуына әсер етпек. Әдетте қоршаған ортаға зиянды улы заттар пайдаланылатын батарейкаға қарағанда бұл құрылғы экологиялық тиімді жоба болмақ.

 

0 пікір
Мұрағат