Вирустық инфекцияны басудың әдісі табылды
Вирустық инфекцияны басудың әдісі табылды
4 жыл бұрын 2887 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританиядағы Лид университетінің ғалымдары полиовирус (яғни, полиомиелит) мен риновирустардың жасушаға жұғуы үшін өзінің генетикалық кодын қалай өзгертетінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған PLOS Pathogens мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жаңалық өз кезегінде вирустық инфекцияны басуға көмектесетін дәрі-дәрмек жасауға көмектеседі. Ғалымдар вирус генінің нуклеиндік қышқыл мен ақуыз қабықшасынан (капсидтен) тұратын, толыққанды вирус бөлшегі болып табылатын вириондардың жиналуын қалай реттейтінін анықтады. Белгілі болғандай, РНҚ-ның ішкі тізбегінде вирус қабықшасының өзіндік ерекшелігі бар ақуыздарымен бірге вириондардың түзілуін қамтамасыз ететін қысқа учаскелер бар болып шыққан. Ғалымдар электронды микроскоптың көмегіне жүгіне отырып, полиомиелитке шалдықтыратын полиовирусқа туыс болып келетін Е-энтервирусындағы вириондардың жиналу процесін зерделеді. Бұған қоса, вириондардың қалыптасуын бақылайтын генетикалық ерекшелігі консервативті болып келетіні, яғни, сирек мутацияға ұшырайтыны белгілі болып отыр, сол себепті, дәрі-дәрмектің алдында ұзақ уақыт бойы дәрменсіздік танытады.

0 пікір
Мұрағат