Вирустың жұғуынан құтқаратын ген табылды
Вирустың жұғуынан құтқаратын ген табылды
4 жыл бұрын 3824 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Масаның еркегі шақпайды да, патогендік микроорганизмдерді жұқтыра да алмайды. Ал ұрғашысы бұған қарама-қарсы – шағады әрі вирус жұқтыра алады. Virginia Tech ғалымдары дәлелдегендей, бір ғана ген Aedes aegypti масасының ұрғашысын ұрпақ өрбіте алатын еркегіне айналдыра алады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Aedes aegypti масасының ұрғашысы жұмыртқалау үшін қанға мұқтаж, яғни, яғни, ұрпақ өрбіту үшін қанмен қоректенуіне тура келеді. Алайда, ол Зика, Денге секілді вирустың тасымалдаушысы. Масаның еркек жынысын анықтайтын локус (M locus) Aedes aegypti масасының еркегіне де тән, ал M локусы масалардың ұрғашысына тән. Локус деген адамның ер мен әйел жынысын анықтайтын хромосома секілді. Бұл термин масаларға қарата осылай айтылады. Яғни, М локусы Y-хромосомасы тәрізді. Ғалымдар бұрын Aedes aegypti масасының М локусынан табылған еркегіне тән Nix генін ұрғашысында кездесетін хромосомдық аймаққа орналастырған болатын. Бұл зерттеу нені көрсетті? Бір ғана Nix гені масаның ұрғашысын ұрпақ өрбітуге қабілетті еркегіне айналдыруға қауқарлы болып шыққан. Бұл жаңалық өз кезегінде маса тарататын жұқпалы індетпен тиімді күресуге мүмкіндік бермек. Ғалымдар бұл бағыттағы ізденісінде Nix генінің қосымша көшірмесін экспрессиялайтын (Ген экспрессиясы – гендегі ақпараттың (ДНҚ нуклеотидінің тізбектілігі) нақты өнімге (РНҚ-ға немесе ақуызға) айналатын процесс) масалардың көптеген трансгендік сызықтарын жасап, сипаттап берген еді. Ғалымдардың бір тобы бір Nix трансгенінің өзі, тіпті, M локусы болмаса да масалардың ұрғашысын еркек масаларға тән жыныстық диморфтық белгілері мен ерлердің гендік экспрессиясы бар еркек масаларға айналдыру үшін жеткілікті болатынына көз жеткізген. Белгілі болғандай, жынысты тікелей өзгерте алатын Nix гені бірнеше ұрпақ бойы тұрақтылығын жоғалтпаған, яғни, бұл тұқым қуалау арқылы келесі буынға берілетін ген ретінде алға шығады. Nix генінің өлімге алып келетін қауіпті ауру таратушы жәндіктердің популяциясын азайтуға бағытталған күрес стратегиясын әзірлеуде әлеуеті зор.

(ықшамдалып алынды)

0 пікір
Мұрағат