Вируста сана бар ма? (жалғасы)
Вируста сана бар ма? (жалғасы)
4 жыл бұрын 3776 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Басы мына сілтемелерде: https://islam.kz/kk/news/gylym/virusta-sana-bar-ma-14375/#gsc.tab=0, https://islam.kz/kk/news/gylym/virusta-sana-bar-ma-jalgasy-14386/#gsc.tab=0, https://islam.kz/kk/news/gylym/virusta-sana-bar-ma-jalgasy-14398/#gsc.tab=0, https://islam.kz/kk/news/gylym/virusta-sana-bar-ma-jalgasy-14403/#gsc.tab=0

5. Вирустан да өткен...

Вирустардың эволюциялық жолмен қалай пайда болғаны түсініксіз, өйткені, олар өздерінің зат алмасу процесіне ие емес әрі организмнің мейлінше дамыған жасушасының көмегімен ғана көбейе алады. Алайда, вирустан да өткен жұмбақ организмдердің барын білесіздер ме? Білмесеңіздер, олар – пирондар мен вироидтер... Пирондарда, тіпті, нуклеиндік қышқыл түрінде болса да ұрпақтан ұрпаққа қалатын ақпарат кездеспейді. Соған қарамастан олар көбейе алады әрі құтыру секілді аса қауіпті ауруларды тудыра алады. Мәселен, тәжді таал вирусын жою үшін Цельсия бойынша 56 градус жеткілікті болса, пиронды жою үшін бұл көрсеткіш 600 градустан кем болмауы керек. Приондар — ақуыздарды ДНҚ немесе РНҚ-сыз өзіне ұқсас ақуызға айналдыра алатын ерекше ақуыз. Олар жүйке жасушаларында паразиттік әрекеттерін жүзеге асырады. Нәтижесінде науқастың миы губкаға айналады. Болашақта адамзат бұл организмдермен әлі талай қақтығысуына немесе бетпе-бет келуіне тура келеді. Болашақты былай қойғанда қазірдің өзінде адамзат осы организмнің кесірінен ессіздіктен зардап шегіп отыр. Ал вироидтерге келсек, олар қабықша болмайтындықтан әрі өзімен-өзі «өмір сүретіндіктен» вирусқа қарағанда сызық РНҚ түріндегі қысқа код. Вироидтер қандай да бір ақуызды кодтамайды, жасушадағы РНҚ-ның репликация (көшіру) тетігімен көбейеді – өзін иесінің жасуша ДНҚ-сымен алмастырады. Өсімдіктер мен жануарлар бойында түрлі аурулар тудырады. Біз сөз етіп отырған тіршіліктің бұл формасы, яғни, пирондар мен вироидтер тірі және тірі емес материя арасындағы ең төменгі буын болып табылады. Одан кейінгі орында вирустар тұр – жасушасы жоқ тіршілік формасы. Вирустар мен жасушалы организмдер арасында аралық тіршілік формасы бар – микоплазма, олардың жасуша қабырғасында қаттылық жоқ әрі құбылуға қабілетті келеді. Вирустан айырмашылығы ол ДНҚ да, РНҚ да, яғни, екеуінде де болады. Дәл осы микоплазмды зерделеу арқылы ғалымдар жасушалы тіршілік формасының қалай пайда болғанына жауап таба алады. Олардың ең қарапайымы – прокариот, ядросы жоқ жасуша. Дәл осы прокариот көк-жасыл балдыр түрінде атмосфераны оттегімен қанықтырады әрі жасушалы ядросы бар организмге, эукариотқа тән көп жасушалы тіршілік формаларының пайда болуына мүмкіндік береді. Прокариот пен эукариот арасында микопазмам секілді организмдердің айрықша тобы кездеседі – слизевиктер, олардың жасушасының қабырғасы жоқ, бір жасушада миллиардтаған жасушалы ядроны қамти алады. Жүйке жүйесі мен санаға ие болмаса да слизевиктер шытырманда қорегіне тура немесе төте жолды таба алатын қабілетке ие.

(ықтимал жалғасы бар)

0 пікір
Мұрағат