Вируста сана бар ма?
Вируста сана бар ма?
4 жыл бұрын 4169 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Материя мен жан әлемінің арасында ерекше «тіршілік иесі» (егер солай деп айтуға келсе) – вирустар бар. Вирус өз қалауы бар тіршілік иесінен гөрі биороботты еске түсіреді. Соған қарамастан вирус сананың өзгеше түріне ие «тіршілік иесі» деп атауға келе ме? Вирусты өлтіру мүмкін емес. Ол қоректенбейді, тыныс алмайды, өздігінен өсіп-өніп, қозғала да алмайды. Ол өмір сүрмейді. Сол себепті, ол өлмейді. Оны тек зат секілді бұзуға немесе сындыруға болады. Биологиялық тұрғыдан алсақ, вирус тіршілік иесі емес, затқа келеді. Ал заттар бір-бірімен тілдесе алмайды. Вирустар керісінше «тілдесе» алады. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзінің ғылыми-танымдық материалынан толығырақ біле аласыздар.

1. Вирустардың әлеуметтік өмірі

Ғалымдар вирустардың әлеуметтік өмірі барын бар-жоғы үш жыл бұрын ғана білген еді. Оның өзінде кездейсоқ білген. Зерттеудің әуел бастағы мақсаты басқа болатын – шөп таяқшасы бактериясының бактериофагтар шабуылын бір-біріне ескерте ала ма, жоқ па, осыны анықтауға саятын. Осы орайда бактерияларды зақымдайтын вирустардың бактериофаг деп аталатынын айта кетпекпіз. Ал шөп таяқшасы бактериясы туралы кейін арнайы тоқтала жатамыз. Десе ғалымдар бұл зерттеуінде неге өзге бактерияларды емес, дәл осы шөп таяқшаларын таңдады? Бұл сауалдың жауабын аталған бактерияның өзге бактерияларға қарағанда «жаны сірілігімен» ерекшеленетіндігінен таба аласыз. Яғни, бұл бактерия қиын-қыстау жағдайда тірі қалудың өзгеше әдісін жетік меңгерген. Сол себепті, бұл бактерияны тәжірибе жүргізу үшін пайдалануы мүмкін. Ғалымдар бактериофагтарды шөпт таяқшасы жайлаған пробиркіге салып, қадағалаған кезде ғалымдар молекулярлық деңгейде сигналды тіркеген болатын. Қазбалай келгенде бактериялар емес, вирустардың өзара «тілдескеніне» көз жеткізген еді. Бактерияға енген вирустар оларды синтезделуге әрі көрші жасушаларға арнайы пептидті жіберуге мәжбүрлеген. Бұл қысқа ақуыз молекуласы (пептид) өзге вирустарға кезекті жорығы туралы хабарлайтын сигнал ретінде алға шыққан. Сигналды пептидтер саны (яғни, «жаулап алынған» жасушалар саны туралы ақпарат) қатерлі шегіне жеткенде вирустардың барлығы бұйрық алғандай бөлінуді тоқтатып, тына қалған. Егер осынау алдамшы маневр болмағанда бактериялар бірлесе тойтарыс берер еді немесе толық жойылар еді, осылайша вирустардың одан арғы паразиттік әрекетін жүзеге асыруына мүмкіндік қалмас еді. Осылайша вирустар өздерінің паразиттік әрекетін жүзеге асыруға мүмкіндік берген бактериялардың қалпына келуіне мұрсат берген. Бұл бағытта жүргіізілген зерттеудің одан кейінгі нәтижелері көрсеткендей, вирустар бұдан да күрделі әрекеттерге бара алады. Олар екінші және үшінші толқынға жол беруі үшін жасушалардың иммундық қорғанышына шабуыл кезінде өзін құрбан етуге даяр тұратыны белгілі болды. Олар жасушадан жасушаға үйлесімді сақтай отырып жылжи алады, бұдан бөлек, гендік материалдармен алмаса алады, ол ол ма, иммунитеттен қорғану үшін бір-бірін бүркемелеп, өзге штаммен оның эколюциялық артықшылығын пайдалану үшін ынтымақтастық орната алатын қабілетке ие болып шыққан. Техас университетінің биофизигі Ланьинь Цзэннің айтуынша, вирустардың біз сөз етіп отырған бұл ерекшеліктері – айсбергтің тек су бетінедегі көрінісі ғана. Тамыры тереңде жатыр. Вирус туралы білгенімізден білмейтініміз қаншама. Ғалымның сөзіне қарағанда, вирустардың әлеуметтік өмірін жаңа ғылым саласы – социовирусология зерделуі керек. Микробиолог Сэм Диас-Муньостың мәлімдеуінше, вирустардың санасы бар. Олардың арасындағы үйлесімді ауызбіршілік пен әлеуметтік қатынас, байланысу арналары, ұжымдық шешім шығаруы, өзара көмектесу, жоспарлау – мұның барлығы вирустардың санасы барына дәлел бола алады.

(жалғасы бар - ред.)

0 пікір
Мұрағат