Вирус тұңғыш рет дәріге төзімді өкпе инфекциясын емдеді
Вирус тұңғыш рет дәріге төзімді өкпе инфекциясын емдеді
3 жыл бұрын 2113 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар бактериофагпен тұңғыш рет антибиотикке бой бермейтін өкпенің микобактериалды инфекциядан зардап шегетін науқасты емдеп жазды. Бұл жаайында islam.kz порталы аталмыш ауру мен оның емі туралы сипаттама материалы жарияланған Cell мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. National Jewish Health ғалымдары бұл тарапта муковисцидозы бар жас науқаста Mycobacterium abscessus тудырған өкпе инфекциясын емдеу үшін бактериофагтарды - бактерияларды таңдап-талғап жұқтыратын және жойатын вирустарды пайдаланды. Джаррод Джонсон есімді 26 жастағы муковисцидозы бар пациент өмір бойы өкпе инфекциясынан көресіне көріп келген еді. 2020 жылы оның өкпе қызметі 30%-ға дейін төмендеп кеткен болатын. Дәрігерлер ағза доноры болмаса, ол ары кетсе бірнеше жыл өмір сүреді, деген пікірде болатын. Оған трансплантациялау отасын жасаудан антибиотикпен емдеуге келмеген микобактериозға байланысты бас тартқан болатын. National Jewish Health ғалымдары бірнеше жыл бойы Джонсонның өкпесінен жиналған микобактерия үлгілерін зерттеп, олармен күресуге қабілетті бактериофагты іздеді. Нәтижесінде Джонсонның өкпесіне жұққан микобактерияларды тиімді түрде жоятын екі вирус табылды. Олардың емдік әлеуетін жақсарту үшін өзгертілген фагтар да табылды. Джонсон өзінің алғашқы фаг инфузиясын 2020 жылдың қыркүйегінде алған. Осыдан кейін вирустар науқастың денесіне күніне екі рет 500 күн бойы енгізілді. Сараптамалар терапия басталғаннан кейін екі айдың ішінде әртүрлі геномдық, жасушалық және клиникалық маркерлер емдеудің сәтті өткенін көрсетті. Фагтар енгізілгеннен кейін бір жылдан астам уақыт өткен соң науқастың инфекциясы толығымен жойылғандай болды. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Джерри Ник есімді дәрігердің айтуынша, бұл зерттеу ауыр Mycobacterium abscessus өкпе инфекциясы бар науқастарды емдеу үшін фагтарды болашақта пайдаланудың жол картасы ретінде қызмет етуі мүмкін. Ғалымдар 2021 жылдың қазан айында терапияны бастағаннан кейін бір жылдан соң Джонсонның жаңа өкпе ағзасына ие болғанын атап өтті. Науқас бүкіл процедура мен қалпына келтіру кезінде фаготерапияда болды. Трансплантациядан кейін жүргізілген тексерулер мен сынақтар нәтижесі  иммундық супрессияның инфекцияның қайталануына әкелмейтінін көрсетті. Барлық маркерлер Джонсонның өкпесінде инфекцияның жоқтығын көрсетті. Дәрігерлер науқас қазір емдеуді тоқтатып, толыққанды өмір сүріп жатқанын мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат