Вирус пен зиянды ластаушылар арасында байланыс бары анықталды
Вирус пен зиянды ластаушылар арасында байланыс бары анықталды
4 жыл бұрын 3297 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Халықаралық ғалымдар тобы бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізіп, ауаның ластануына себеп болатын бөлшектердің вирус пен бактерия тасымалдаушысы ретінде әрекет етіп, олардың таралуына ықпал ететінін көлденең тартып отыр. Бұған бүгінгі таңда әлемді әбігерге салған тәжді тажал, дәлірегі, оның қоздырғышы SARS-CoV-2 вирусы да қатысты. Ғалымдар COVID-19 пандемиясы кезінде аталған вирустан өлім-жітім көп болған Италиядағы жағдайда зерттеп көрген екен. Нәтижесінде ауаны ластаушының ұзақ мерзімді әсері мен аталмыш вирус салдарының ауырлығы (өлім-жітім мен жұғу деңгейі бойынша) арасында байланыс барына көз жеткізген. Соның ішінде кей аймақтарда жұқпалы індеттің таралу қарқынының жоғары болуын бірыңғайда ондағы ауаның ластану деңгейінің жоғары болуымен байланыстырып отыр. Ғалымдардың топшылауынша, күлдей ұсақ дисперстік бөлшектерден ауаның ластануы вирустың таралуына қатысты қоршаған ортаның рөлін айқындап беретін фактор ретінде алға шығады. Италияда жұқпалы індеттің өршуіне өзге факторларға (қарантин мен тазалық талаптарын сақтамау, т.б.) қарағанда қоршаған ортаның ықпалы жоғары болған. Жасанды интеллекті алгоритмінің көмегімен анықталғандай, аталған еуропалық елдегі жұқпалы індеттен болған өлім-жітімнің 70%-дан астамына өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы және жол-көлік қозғалысы бөлген зияндық қалдықтар себеп болған. Соның ішінде экономикалық тұрғыдан барынша дамыған елдің солтүстігіндегі Падан аймағын Еуропалық қоршаған ортаны қорғау агенттігі кәрі құрлықтағы атмосфералық ластану деңгейі жоғары аймақ ретінде жіктеген – аталған аймақта жұқпалы індеттен өлім-жітім көрсеткіші аса жоғары болған. Ғалымдар SARS-CoV-2 вирусына ұқсас вирустардың ауаның ластануы артқан кезде таралу қарқынына қатысты ахуалды моделдеп көрген екен: мәселен, ауаның ластану деңгейі 5-10 пайызға жоғарыласа, жұқпалы індеттен болатын өлім-жітім көрсеткішін 4-14 пайызға арттырған.

0 пікір
Мұрағат