Ұзақ өмір сүрудің негізгі факторы анықталды
Ұзақ өмір сүрудің негізгі факторы анықталды
7 жыл бұрын 4224

Халықаралық генетиктер тобы адамның ұзақ өмір сүруіне негізінен оның гені емес, қоршаған ортасы әсер етеді деген қорытынды шығарды. Олар мұны егіздер геномының эпигенездік реттеуі жасы ұлғайған сайын қалай өзгеретінін анықтау арқылы білді. Зерттеу қорытындысы bioRxiv-ке жарияланды

ДНҚ метилденуі – ағзаның қартаю факторларының бірі. Ал бұған дейін метилдену тұқым қуалайды деген болжам болған. Бірақ Халықаралық генетиктер тобы қоршаған орта адамның ұзақ өмір сүруіне қаншалықты әсер ететінін анықтады. Ол үшін мамандар егіздер әдісін қолданды.

Зерттеуге алынған 385 адамның орташа жасы – 69. Ғалымдар олардың ДНҚ-сын қарау үшін 20 жыл бойы қанына талдау жасап отырды. Сол кезде адамның жасымен байланысты 1316 метилденуді анықтады. Сөйтсе, олардың ешқайсысы тұқымқуалаушылық факторға тәуелді болмаған. Керісінше, уақыт өткен сайын егіздердің метилдену картинасы екі түрлі болып ажыраған. Яғни, ағзаның қартаю факторлары екеуінде бірдей болмаған.

Ғалымдардың айтуынша, зерттеу нәтижелері қоршаған орта және басқа фактор адамның қартаюына қатты әсер ететінін көрсеткен. Осылайша, адам өз өмірін дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданып, таза ауада көп серуендеу арқылы ұзарта алатыны белгілі болды.

0 пікір
Мұрағат