Үнемі велосипедпен қатынайтындардың ағзасы жасара түседі
Үнемі велосипедпен қатынайтындардың ағзасы жасара түседі
10 жыл бұрын 3246

Соңғы жүргізілген зерттеулерге қарағанда велосипед тебу дене сымбатын сақтап қана қоймай, организмді жасартатын бірден бір көлік болып шықты. Бұл туралы «Физиология» журналында жарияланған зерттеу қорытындысында айтылған.

Лондон корольдік колледжі мен Бирменгем университетіндегі мамандарының айтуынша үнемі велосипедпен жүретін 55 жастан жоғары адамдардың өз жасынан әлдеқайда жас көрінетіндігін айтады. 
Зерттеуге 6 сағаттың ішінде велосипедпен 100 км-ді жүріп өте алатындар мен аптасына бір рет болсын дүкенге шығатын адамдарды қамтыған. Зерттеу тобының мүшелерінің бірі Норман Лазарус:
«Жас келе денеміздің қартаюы заңдылық. Алайда, тұрақты физикалық жаттығу мен белсенді өмір сүру салты жасымызға жас қосады. Веловипедпен жүру миға әсер етіп қана қоймай, дене мүшелерінің қызметін жақсартады. Мұндай өмір салтымен үнемі велосипед тебетіндердің көбінің иммунитеті жақсы, әрі өз жастарынан жас көрінетін болып шықты».

0 пікір
Мұрағат