Улы газды бақылауға мүмкіндік беретін жүйе жасалды
Улы газды бақылауға мүмкіндік беретін жүйе жасалды
10 жыл бұрын 4048

Ауылдық жерді айтпағанда еліміздің кез келген аймағындағы қала тұрғындарының дені әлі күнге қыстай пешке от жағып шығады. Иіс тиіп өлгендер мен ауруханаға түскендер туралы ақпараттар да қыс мезгілінде қылаң беріп қалады. Елімізде жыл сайын мыңға жуық адам осы улы газдан иіс тиіп, көз жұмады екен. Осыған байланысты елімізде улы газды бақылауға мүмкіндік беретін жүйе жасалды. Аталмыш жоба авторларының айтуынша, бұл жүйе дабылды әске қосатын бірнеше датчиктер мен платформалардан тұрады. Әрбір датчик газдың түрлі типтерінің шоғырлану деңгейін анықтайды, соның Әрбір датчик газдың түрлі типтерінің шоғырлану деңгейін анықтайды, соның ішінде, көміртекті газды (пропан, бутан, сондай-ақ, метан) да.Датчиктер газ немесе қатты отын пайдаланылатын жылу жүйесінде жұмыс істейді. Егер датчик қауіпті заттың, соның ішінде улы газдың шектен тыс шоғырланғанын анықтаса, ол өңдеу орталығына дабыл жібереді. Ал ол өз кезегінде хабарландыру жүйесіне қосылады. Хабарландыру жүйесі сирен шығаратын құрылғымен жабдықталуы мүмкін немесе  SMS-хатпен хабарлама жіберуі мүмкін. Егер қожайын үйінде болмаса, газдың берілуін автоматты түрде тоқтатуы ықтимал. Аталған құрылғыны жасағандардың сөзіне қарағанда, алғашқы кезеңде бұл құрылғының бағасы 15-20 мың теңге шамасында болады. Оның алғашқы партиясы үстіміздегі жылдың соңына қарай саудаға шағыралып қалады. Кейін бағасы 5-6 мыңға дейін кемуі әбден ықтимал.

0 пікір
Мұрағат