Ұлудан жарақатты жазатын биологиялық желім табылды
Ұлудан жарақатты жазатын биологиялық желім табылды
2 жыл бұрын 1052 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл желімнің 30-50 пайызы ақуыздардан тұрады. Қытай ғалымдары ұлудан жарақатты жазатын биологиялық табиғи желім алудың жолын тапты. Осылайша медицинада елеулі жетістікке қол жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталы Nature ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ежелгі емшілердің, соның ішінде Гиппократ пен Плинийдің даналығын пайдалана отырып, профессор В.У. Минги және оның командасы ұзақ уақыт бойы күйік, абсцесс және басқа да жараларды емдеу үшін қолданылған ұлулардың секрецияларынан табиғи биологиялық желім таба алды. Бұл желімде жасушалардың өсуіне және тіндердің пайда болуына ықпал ететін, жараның жазылу процесін жылдамдатуға көмектесетін әртүрлі ақуыздар бар. Сондай-ақ, бұл желімнің бактерияға қарсы қасиеттері бар, инфекцияның ағзаға енуіне жол бермейді. Бұл тарапта ғалымдар сусамыр дертіне шалдыққан науқастардың жарақатының жазылуы қиын болатынын, алайда, мұндай желім аталған аурудан зардап шегетін пациенттерге көмектесетінін алға тартып отыр. Бұл да болса, желімнің тағы бір артықшылығын білдіреді.  Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесінде ғалымдар ұлулардың секрецияларынан алынған желімнің қабынуды азайтуға және тіндердің қалпына келуіне қолайлы, ылғалды ортаны құруға ықпал ететінін анықтады. Желім 30-50 пайыз ақуыздан және 10-16 пайыз сульфатталған гликозаминогликан (ГАГ) тұрады.

0 пікір
Мұрағат