Ұйқы кезінде мидың қалай жұмыс істейтіні анықталды
Ұйқы кезінде мидың қалай жұмыс істейтіні анықталды
1 жыл бұрын 1873 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ми ұйқы кезінде бірқатар маңызды қызмет атқарады. Швейцариядағы Женева университетінің ғалымдары адам терең ұйқыға кеткенде оның миының белсенділігі артатынын әрі маңызды қызмет атқаратынын анықтады. Бұл тарапта магнитті-резонанстық томографияның және  электроэнцефалографияның көмегімен мидың күні бойы алынған ақпараттар мен жадыны өңдеуден өткізетініне көз жеткізген. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communications ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мидағы сұр зат, әсіресе, терең ұйқы кезінде белсенділік танытады. Ол біздің естеліктерімізді бағалайды және тек пайдалы деп санайтындарды ғана сақтайды. Ғалымдар терең ұйқы кезінде ми қызметін талдауға және онымен қандай процестер мен эмоциялар байланысты екенін түсінуге мүмкіндік беретін декодер ойлап тапты. Бұл бағытта жадының қалыптасу процесінде жағымды эмоциялардың қаншалықты рөл атқаратынына назар аударылған. Дәлірегі, терең ұйқы кезінде ми жағымды естеліктерді қайта қарастырады, бұл жайт өз кезегінде оларды ұзақ уақытқа жадта орнығуына көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат