Үйдегі шаң-тозаңнан қауіпті зат табылды
Үйдегі шаң-тозаңнан қауіпті зат табылды
4 жыл бұрын 7388 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар үйдегі шаң-тозаңнан адамның гормондық жүйесінің қызметін бұзатын химикатты тапты. Ұл қосынды тұрмыстық бұйымдардан бөлінетін болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы Environmental Science and Pollution Research ғылыми, мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы күнгі адам тура мағынасында қауіпті заттар ортасында өмір сүріп жатыр. Кездейсоқтық пен салғырттық жазатайым оқиғаға душар етпесі үшін тұрмыстық заттар мен бұйымдарға, жиһаздарға үйден өрт шыққан кезде тез тұтанбауы үшін түрлі арнайы химиялық заттар қосып жатады. 1970-ші жылдардан бері бұл мақсатта бромдылған антипирен кеңінен қолданыла бастады. Оны төсеніш құралдарына (матрас), кілемдерге, жиһаздарға, т.б. қосты. Нәтижесінде тұрмыстық заттар тозған кезде бұл қосынды үй шаңымен араласып, одан тағамға, суға түсіп, ауамен адамның организіміне енді. Бромдалған антипирендер арасында, әсіресе, полибромды-дифенилді эфир де жиі қолданылатын еді. Кейін аталған заттың адамның эндокриндік (гормондық) жүйесіне зиянды екені белгілі болды. Канада 2008 жылы тұтыну тауарлар өндірісінде аталған затты пайдалануға тыйым салған болатын. Соған қарамастан таяуда бұл елде де үйдегі шаң-тозаңнан табылып отыр. Аталмыш тыйым салынғанға дейін сатып алынған тауарлардан бөлінетін болып шықты. Грамға шаққанда үйдегі шаң-тозаң құрамында 2-ден 19 микрограмға дейін борм кездеседі.

0 пікір
Мұрағат