Тыңайтқыштың жаңа түрі табиғатқа зиян келтірмей астық түсімін арттырды
|

Осы заманғы ауылш шаруашылығы минералды тыңайтқыштарды пайдаланумен байланысты экологиялық және агротехникалық қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр. Тыңайтқыштардың көбісі тез ыдырап кетеді, топырақтан шайылып, су көздерін ластап, қоршаған ортаға залал келтіреді. Осыны ескерген ғалымдар тыңайтқыштың тиімді түрлерін іздестіруде. Бұл жайында islam.kz порталы naked-science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Политехникалық мектеп оқушылары Перм политехникалық университеті ғалымдарының жетекшілігімен құрамы жаңа тыңайтқыш ойлап тапты: ол өнімділікті арттырып қана қоймай, әсері ұзаққа созылады, осылайша тыңайтқышты жиі пайдаланумен байланыасты қоршаған ортаға түсетін ауырлықты азайтады. Минераллы тыңайтқыштардың жартысы – шамамен 50%-ы суғару кезінде шайылып кетеді. Бұл олқылық екі машақатты тудырады: біріншіден, тыңайтқышты жиі пайдаланудан фермерлердің шығыны артады. Екіншіден, тыңайтқыш көп пайдаланылған сайын қоршаған ортаның ластану деңгейі артады. Ал бұл жайт адам денсаулығы мен өзге тіршілік иелеріне қауіп төндіреді.
Перм политехникалық университетінің ғалымдары политехникалық мектептің жоғары сынып оқушыларымен бірлесіп әзірлеген жаңа струвит (Струвит (магний және аммоний фосфаты) — бейорганикалық қосылыс) негізіндегі тыңайтқыш қоректік заттарды баяу босатып, өсімдіктің сіңіруіне қолайлы етеді.
- Тыңайтқыш үш пайдалы бөліктен тұрады. Минералды бөлігіне струвит жатады - ол өсімдіктің өсуі үшін маңызды элементтерден тұратын, атап айтқанда, құрамында магний, азот, фосфор кездесетін, табиғи жолмен түзілетін минерал. Органикалық бөлігі - шымтезек, оның құрамында хумдық заттар бар – олар да пайдалы және топырақты жақсартады. Ал үшіншісінде, яғни, биологиялық бөлігінде тиімді бактериялар болады», - деп түсіндірді өзгеше жобаға атсалысқан Политехникалық мектептің 11 сынып оқушысы Илия Белянин.
Өнім екі нұсқада әзірленеді, әрқайсысының өзіндік қасиеттері бар.
«Тыңайтқыштың бірінші түрінде өсімдіктерге ауадан азотты сіңіруге көмектесетін бактерияларды қолданамыз. Екінші нұсқада құрамға топырақта фосфорды неғұрлым молынан жеткізетін микроорганизмдер, ал төртінші компоненті - минералды цеолит қосылады. Сондықтан оны енгізудің мәні мынада: шымтезек түйіршіктерді жақсы байланыстырады, алайды, тыңайтқыш ыдырап кетпейтіндей көп мөлшерде керек, ал цеолит шымтезек мөлшерін азайтады, есесіне, түйіршіктердің беріктігін сақтауға көмектеседі. Бұл процесс өсімдіктерге органикаға қарағанда минералды көбірек қажет еткенде маңызды. Бұдан басқа, цеолит топырақты жақсартады - оны қопсытады және зиянды заттарды, мысалы, ауыр металдарды байланыстырады», - деді осынау жоба бойынша оқушылардың тәлімгері, Перм политехникалық университетінің химиялық технологиялар, өнеркәсіптік экология және биотехнология факультеті магистратурасының екінші курс студенті Елена Шергина.
Жаңа тыңайтқыш әдеттегі тыңайтқыштан дайындау тәсілімен де ерекшеленеді.
«Струвит өндірудің әдеттегі технологиялары артық химикаттарды талап етеді, бұл ретте өндіріс процесінде нақты пайда болған көзделген заттың шығымы 80-90% деңгейінде, ал алынған струвит нашар ериді. Біз өзіміздің тыңайтқыштарымызды бұрын Перм политехникасында әзірленген модификацияланған технология бойынша дайындаймыз. Ол артық реагенттерді қажет етпейді, ал өнімнің шығымы 98-99% -ды құрайды, яғни, қалдықсыз (қоршаған ортаға зиянсыз) дерлік және струвиттен қоректік заттар өсімдіктерге жақсы сіңеді әрі олардың әсері ұзақ сақталады», - деп түсіндіреді жоба жетекшісі, ПНИПУ химия және биотехнология кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Юлия Кузнецова.




